Шерзат Полат ісі: Судья блогерлерді арандатушылықтан бас тартуға шақырды

Жаңалықтар Бүгін, 13:32

Талдықорғанда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы судья Ержан Жанұзақовтың мәлімдемесінен басталды,- деп хабарлайды turkistan.today

Судьяның айтуынша, іске қатысы жоқ блогерлер тергеу әрекеттеріне қатысты субъективті баға беріп жатыр.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес, елімізде сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Бұл процеске араласуға жол берілмейді және ол үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сот үкімі шықпайынша, іске құқықтық баға беруге болмайды. Айыптау мен қорғау тараптарының уәждерін мұқият зерттеу қажет. Істі қарайтын судья тәуелсіз, объективті, мүдделі емес және қандай да бір ықпалға ұшырамауға тиіс. Сот тек заңға сүйеніп, бейтарап төрелік етеді», — деді Жанұзақов.

Судьяның нақтылауынша, үкім шықпай тұрып, болып жатқан оқиғаға субъективті баға беруге жол берілмейді.

«Осыған байланысты блогерлер мен басқа да әлеуметтік желі қолданушыларын арандатушы әрекеттерден бас тартуға шақырамыз. Соттың әділ әрі негізделген үкім шығаратынына кепілдік береміз», — деп түйіндеді Ержан Жанұзақов.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.