Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес аймаққа инвестиция тарту мақсатында Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев Қытай елі Үрімші индустриалды аймағының басшысы Чжен Сын бастаған делегацияны қабылдап, іскерлік байланыс орнату мақсатында меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды turkistan.today
Жалпы аталған делегацияның бір мүшесі Зну Мунг соңғы технологияларды пайдалана отырып, жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын қоймалардың құрылысымен айналысады.
Компания өкілінің айтуынша салған қоймалары қыста жылы жазда салқын температураны біркелкі ұстап, тіпті ыстық-суыққа төзімсіз өсімдіктерді сақтауға да өте қолайлы.
Аудан әкімі ауданымызда жеміс-жидек өсірумен шұғылданатын ірі кәсіпкерлердің көптігін ескере келе, алдағы уақытта сол кәсіпкерлерден қойма қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстар атқарылып, соның негізінде тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, кездесуді пайдалана отырып, Асқар Сұлтанұлы ауданымызға арнайы ат басын бұрып келген Чжен Сынге күн шығыс елінің ауданымызға инвестиция құйып, өз кәсібін өрлетемін деген кәсіпкерлеріне мемлекеттен барлық қолдаулар көрсетілетіндігін тілге тиек етті.
Ауданымыздың ауыл шаруашылығы, туризм және тамақ өнеркәсібі саласындағы әлеуеті жоғары екенің айтып, аймақтың кәсіп дөңгелетуге ынғайлы әрі пайдалы тұстарын қамтып өтті.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда ауданда 3135 гектар алма бау бар. Олардан алатын өнім көлемі жылына орта есеппен 30-32 мың тоннаны құрайды. Ал, сол жемісті сақтайтын нақты 7,5 мың тоннаға ғана шақталған қоймалар бүгінгі таңға жұмыс істеп тұр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.