Шетелдегі қазақтарға арналған интернет-сервис іске қосылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 19 мамыр, 2023

Үкіметте «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қаулысы әзірленіп жатыр. Бұл туралы «Отандастар» қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы айтып берді, деп Turkistan Today хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын қазақстандықтарды шоғырландыру және елдің қоғамдық өміріне тарту мақсатында Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, «Қазәлем» атты интернет-сервисті іске қостық. Жобаның мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарға, бұрынғы отандастарымызға жан-жақты ақпарат беру ғана емес, олармен өзара пайдалы жобалар төңірегінде бірге жұмыс істеу. Веб-платформа қазір қазақ, орыс, ағылшын тілінде іске қосылды. Француз, қытай, түрік тілдерінде жақын арада іске қосылады. Сондай-ақ төте және латын қарпінде де жұмыс істейді. Осы ауқымды жобаның бас операторы болып «Отандастар қоры» бекітілген», - деді Абзал Сапарбекұлы қор жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында.

Қор басшысының айтуынша, шетелде тұратын белгілі, дарынды этникалық қазақтар мен отандастардың базасын толықтыру жалғасуда.

Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қаулысы әзірленуде.

photo

«АҚШ-та алғаш рет отандастар форумын өткізу жоспарда бар. Германияда кезекті Еуропа қазақтарының құрылтайын, Мәскеу қаласында Ресей қазақ ұйымдары басшыларымен басқосу және Монғолияда Кіші құрылтайды өткізу жұмыстары жүріп жатыр. Осы ретте шетелдегі басқосуларда той-думан форматынан гөрі, нақты пікір, ұсыныс, ғылыми-практикалық форматпен толықтыру дәстүрі қалыптасуда. Алдағы Еуропа қазақтары құрылтайында тұңғыш рет Еуропа қазақ жастарының басқосуын өткізу және олардың кеңесін құру көзделеді», - деді А. Сапарбекұлы.

Сонымен бірге, «Ұлы дала» кітаптар сериясы шеңберінде шетелдегі этникалық қазақтардың бұрын-соңды Қазақстанда жарияланбаған тындыларын жинап, биыл 10 кітабын басып шығару жобасы басталып кетті.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.