«Евразия» сақтандыру компаниясы мамандары ҚР Ұлттық банк ақпаратына сәйкес міндетті автосақтандыру нарығына зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Turkistan Today.
КҚИ АҚЖ МС немесе міндетті сақтандыру – ең көп таралған сақтандыру түрі, онсыз жол қозғалысын елестету мүмкін емес. 2022 жылдың қорытындысы бойынша сақтандыру компаниялары сақтандырудың осы түрі бойынша 112 млрд теңгеден астам жинаған, 49 млрд теңгеден жоғаы төлем жасаған. Яғни, сыйақылардың төлемдерге арақатынасы немесе шығын коэффициенті 43,8%-ды құрайды.
Дегенмен, 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығында міндетті автосақтандыру бойынша шығын көлемі сақтандыру төлемдерінің өсуіне байланысты бірден 67,9%-ға шарықтап кетті. Айта кету керек, бұл коэффициентте сақтандыру компанияларының жарнамаға, операциялық шығындарға, сақтандыру резервін қалыптастыруға, IT-инфрақұрылымын жасауға және филиалдарға жұмсайтын қаражаты қарастырылмаған.
Автосақтандыру шығыны ел бойынша әр түрлі, өңірлерде айырмашылық бар. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, міндетті автосақтандыру бойынша ең көп шығын Астанада болған. Мұнда төлемдердің премияға үлесі 87,6%-ды құраған. Сондай-ақ, үштікке Жетісу облысы – 78,3% және Ұлытау облысы – 73,9% кіреді. Қарағанды облысы да антиүздіктер қатарында – 73,2%. Шығындар көлемі бойынша Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстары да 50%-дан асып кетті.
Алғашқы жарты жылдықтың алдын ала көрсеткіштерін есепке ала отырып, 2023 жылдың қорытындысы бойынша автосақтандыру шығыны Қазақстанның барлық өңірлерінде өсетіні анық.
Айта кетейік, міндетті автосақтандыру тарифтері әлеуметтік маңызды класс ретінде заң жүзінде қарастырылған және сақтандыру компаниясы өз еркімен басқара алмайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірлері бойынша сақтандыру полисінің құнына әсер ететін түзету коэффициенттері жұмыс істейді. Қазір Алматыда міндетті автосақтандыру 20 мың теңге тұрады, ал Түркістан облысында 6 мың теңге. Қазақстан бойынша орташа баға 13 мың теңге.
2024 жылдан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі міндетті автосақтандыру нарығындағы теңгерімсіздікті жою үшін шығындардың өзекті статистикасы бойынша жыл сайын өңірлердегі коэффициенттерді түзетуді бастайды.
Яғни, түзету коэффициенті, онымен қоса міндетті автосақтандыру бағасы шығыны көп облыстар мен қалаларда өседі. Сондай-ақ, шығындары азырақ өңірлерде – Батыс Қазақстан облысы (20,3%), Солтүстік Қазақстан облысы (31,6%) және Атырау облысында (33,5%) автосақтандыру бағасы төмендейді.
Одан бөлек, жыл басынан бері премиялар бойынша 53 млрд теңге и 58 млрд теңге жинап міндетті автосақтандырумен теңіескен КАСКО ерікті автосақтандыруына сұраныс артты. Автосақтандыру нарығында тұтынушылардың ерікті сақтандыруға өтіп жатқаны байқалады.
Болашақта сақтандыру компаниялары ерікті автосақтандыруды көбейтіп, жүргізушілерге түсінуге оңай және қолжетімді бағада КАСКО ұсынатын болады. Сонымен қатар, тұтынушыларды көп күттірмес үшін төлемдер үшін онлайн-сервисті қолға алады деп күтілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.