Шымкентте 72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан секіріп, көз жұмған, деп Turkistan Today хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні түнгі сағат 23:15 шамасында болған. Егде жастағы ер адам 7 мамыр күні №2 қалалық ауруханаға «кеңірдегін кесу» арқылы суицид жасап түскен екен. Ол жерде хирургтардың болмауына байланысты №1 ауруханаға ауыстырылған.
Науқастың жағдайына байланысты көмейін тігу үшін жедел ота жасалып, 10 мамырға дейін жансақтау бөлімінде жатқан. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған соң, оған психологиялық көмек көрсетіліп, туыстары шақырылған көрінеді.
Қайғылы оқиға болған күні туыстары белгісіз себептермен ауруханадан кетіп қалған. Дәрігерлер марқұмның суицид жасауына "өзін жалғыз қалдым деп сезінуі" ықпал етуі мүмкін деген пікір айтып отыр.
Ал 72 жастағы қария басынан алған ауыр жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған.
“Бас миының шайқалуы, бас миы сүйегінің сынуы секілді ауыр жарақаттар болған. Негізі туысқандары қасында отырғандықтан, қаншама күн мұндай жағдай болмаған, енді туысқандары кетіп қалғаннан кейін «мені тастап кетті» деп ойлап, осындай қадамға барды деп пайымдап отырмыз. Өйткені біздің №1 қалалық аурухананың хирургиялық бөлімінде өте жоғары деңгейде көмейі тігіліп, бірінші хирургиялық өңдеу жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылып, бірінші жоғары медициналық қызмет көрсеткенбіз”, - дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың әдістемелік бөлім басшысы Қуаныш Лекеров.
Тағы бір айта кетерлігі, осыдан бір ай бұрын қарияның жұбайы бақилық болғандығы белгілі болды. Бүгінде бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.