Шымкентте мектеп оқушысының денесі өлі табылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 маусым, 2023

9 маусым күні таңертең Шымкенттің Қаратау ауданына қарасты Тұран-1 шағын ауданында жасөспірімнің мәйіті табылды, деп Turkistan Today хабарлайды  altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдыңғы түнде 2007 жылы туған бала мал жайлауға шығып, қайтып оралмаған.

Таңертеңгі сағат 4:50-де оның денесі Новостройек көшесіндегі ашық жерден табылды. Ешқандай жарақат табылған жоқ. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жасөспірім 15 жаста, 72-ші орта мектепте оқыған, инклюзивті білім алған. Бүгін таңертең оны пәндік емтихандарда күткен болатын

Бала тоғызыншы сыныпты бітірген , мектепте ешқандай қысым  көрмеген, тәртібі жақсы, инклюзивті білім алған, сабақтан қалмайтын. Бүгін емтихан болды, ол келуі керек еді. Таңертең біз ата-аналарына телефон соғып, қайғылы хабарды естідік. Алдын ала басы айналып, құлап, басын қатты соққан шығар деді. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз», — деді Шымкент қаласындағы N72 мектеп директоры Бегмат Усманов.
Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама көрсетеді.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.