Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қойып кетуші қоршауға соғылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 19 қыркүйек, 2023

Есірткі қойып кетушілер көлікті жалға алғаны анықталды.

Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қойып кетушілер көлігімен қоршауға соғылды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайтпас-1 ықшам ауданы тұрғындарының есірткі қойып кетушілер көбейіп бара жатқаны туралы өтініші бойынша ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, арнайы рейдтер жүргізді. Жұмыс барысында Volkswagen Polo мінген екі жас жігіт полицейлердің күдігіне ілікті. 

Тәртіп сақшыларын байқаған жігіттер артқа шегініп қашуға әрекеттеніп, құрылысы аяқталмаған үйдің ауласына кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері жолды жауып тастаса да, көлік қозғалысын тоқтатпай, жеке учаскені қоршап тұрған қоршауға соғылған. Тергеушілер көліктің ішін тексеру кезінде құрамында ақ ұнтақ тәрізді заттары бар 30-ға жуық орама тапты. Сараптама қорытындысы оның салмағы 30 граммға жуық синтетикалық мефедрон есірткісі екенін көрсетті. 

Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі қойып кетушілер көлікті өздерінің “жұмысы” үшін жалға алғаны анықталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін оларды 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

686

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.