Сырдарияға батып кеткен 11 адамға қатысты тың дерек

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 22 тамыз, 2023

Түркістан облысында Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен, әзірге 8 құрбанның денесі табылды.

Осыған дейін хабарланғандай тойдан қайтқан туыстар суға шомылмаған, аяғы тайып кеткен адамды қалғандары құтқармақ болған, деп Turkistan Today жазады Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдардың суға батып кеткені туралы қоңырау келіп түскенін хабарлады. Өзен жағасындағы 20 адамның 11-і суға батып кетті.

"Олар бір отбасының мүшелері немесе тегі бір туыстар болған, яғни бірнеше ағайындылар балаларымен жүрген. Туыстары айтқандай, олар тойдан кейін шығып, өзен жағасында демалуға шешім қабылдады. Жағалау өте тайғақ, су асты бірден тереңдей түседі. Шамасы, аяғы тайып кеткен адамды қалғандары құтқармақ болған. Тіпті олар шомылып үлгермеген, бәрі киімде болды. Бұл жер шомылуға арналмаған", — деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сырдария өзенінде суға батқан 11 адамның 8-нің денесі табылды. Қалған іздестіріліп жатқан 3 адамның да екеуі жасөспірім, біреуі кәмелет жасына толмағаны анықталды.

Іздеу шараларына 144 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы және 2 дрон жұмылдырылды. Қайғылы жағдай кеше кешкісін Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған.

818

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.