Сырымбек Тау журналистерге орысша жауап беруден бас тартты
Сырымбек Таудың туған қарындасы Нұргүл Тау Мәжіліс депутаты атанды.
Бұл туралы Turkistan Today inbusiness.kz ulysmedia.kz сайтының instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен сайлаудан шеттетілгенмін, бірақ қарындасым Нұргүл білім саласында сіңірген еңбегі өте зор. Бес университет бітірген, 20 жылдай мемлекеттік қызметте болды", деді Сырымбек Тау.
Сондай-ақ, партияның үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқанын да айтты.
"Партия болған соң халыққа қызмет ету керек. Сол үшін бірге жүргенді ұнатамын", деді ол.