Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мамыр айының соңында улы химикаттар жерге төгіліп, сол маңдағы желекке зақым келді. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров бұл мәселені назарда ұстап отырғанын мәлімдеді. Тексеріс біткеннен кейін кінәлілер жауап бермек, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Маусым айының басында әлеуметтік желіде Шал ақын ауданында 180 тоннадан астам аммиактың орман маңына төгілгендігі туралы ақпарат тарады. Бейнежазбадан ағаш жапырақтарының сарғайып кеткенін көруге болады. Тұрғындар «улы зат ауа арқылы тарап, уланып қалмаймыз ба?» деп алаңдаушылық білдірді.
Осы жағдайға байланысты СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы түсінік беріп, оқиғаның Афанасьев ауылдық округіндегі Сергеев орман шаруашылығы маңында болғанын айтты. «Asyl Farm» ЖШС улы химикаттарды төгіп алған.
СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл жағдай бақылауда, қазіргі уақытта топырақтың құрамы талданып жатыр.
«Кәсіпорын минералды тыңайтқыштарды тасымалдауға ескі ыдыстарды пайдаланған. Қазіргі уақытта «Asyl Farm» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр. Экологтер оқиға орнына барды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шара қолданылады және кәсіпорын олқылықтардың орнын жоюы тиіс болады. Қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады, бұл мәселе бақылауда», - деді Айдарбек Сапаров.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.