«Солтүстік Қазақстан – орыс жері дегендерің қай сасқандарың ?» — Максим Шевченко

«Солтүстік Қазақстан – орыс жері дегендерің қай сасқандарың ?» — Максим Шевченко

Ресейлік журналист, саясаткер және қоғам қайраткері Максим Шевченко Қазақстанға деген көзқарасын айтып, еліміздің солтүстік жерлеріне де тоқталды, деп Turkistan Today хабарлайды altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистің тікелей эфирінің бірінің жазбасы әлеуметтік желілерде танымал бола бастады. Көрермендердің бірі Шевченкоға : Қазақтар үшін неліктен сонша қуанасыз ?- деген сауалына ол көшпелі халықты «сүйетінін, құрметтейтінін» айтты.

Ол  қазақ халқын өз жерін қоғайтын ұлы халық ретінде сипатады .

Біз, орыстар, ауылдарымызды, шағын қалаларымызды, ауылдарымызды қиратуға, жерімізді олигархтардың қолына беруге жол бердік. Қазақтың жеріне, рулық қадір-қасиетіне деген көзқарасы бөлек. Біз түркі халықтарынан, әсіресе Ұлы дала халықтарынан өзімізді қалай қорғау керектігін үйренуіміз керек», — деді саясаткер.

Эфир барысында қолданушылардың бірі «Солтүстік Қазақстан – Ресей жері» деп атап өтті, оған Шевченко өткір жауап беріп, шулы мәлімдемені негізді түрде жоққа шығарды.

Солтүстік Қазақстан – орыс жері дегеніңіз қай сасқаныз? Шешенстан да орыс жері болуы мүмкін бе? Сіз нені меңзеп  тұрсыз? Столыпин дәуірінде қоныстанған, кейін тың игеру кезінде отарланған.

Бұл орта жүздің туған жері, көшпелі түркі халықтарының ежелден келе жатқан жері. Солтүстік Қазақстан – ұлы даланың жүрегі, Гумилев сипаттағандай хун халықтары тұсында өмір сүрген көне түркі мемлекеттері болған.

Ол кезде  тіпті Ресей мен славяндар да болған жоқ. Алғашқы орыс императорлық отарлаушылары мұнда тек 18 ғасырда келді. Сіз жиіркенішті сөз айтып жатырсыз», — деп баса айтты журналист.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
2
dislike
0
love
0
funny
1
angry
0
sad
0
wow
0