Сот: Сот отырысын жүргізу тілін таңдаған Темірлан Еңбесек

Жаңалықтар 9 сәуір, 2025

Бүгін Алматыда блогер, «Qaznews24» паблигінің иесі Темірлан Еңсебекке қатысты сот процесі басталды. Процесс Наурызбай аудандық сотында өтіп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Темірлан Еңсебек ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен сотқа тартылуда.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сыйыры» дегендей: 2024 жылдың 21 қаңтарында Т.Еңсебек өзінің танымал арнасында «Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатал жауап жазды» деген материал жариялады.
Бұл жарияланымда ұлтаралық сипаттағы арандатушылық мазмұндағы ән мен (әнді орындаушы белгісіз), оның ішінде орыс ұлтының өкілдеріне қаратылған «бейәдеп» сөздер бар делінеді. Сот арнайы сараптама жасатқан. Сараптама Т.Еңсебектің жарияланымында «этникалық орыстарды қорлау белгілері бар» деген қорытынды шығарған.

Процесс барысында судя Т.Еңсебектің қоғамдық қорғаушысы, әкесінің сот жүргізу тіліне қатысты көтерген мәселесіне жауап беріп:

«Ұлыңыз, сотталушы Темірлан Еңсебектің сот жүргізу тілі ретінде орыс тілін таңдағанын есіңізге саламын. Сіз сотталушының өкілі ретінде бұл туралы білесіз. Орыс тілін таңдаған біз емес, сіздің балаңыз. Бірақ, сіз соған қарамастан, жұрт алдында сұрақ қойып, процедураны бұзып отырсыз.
Мен ана тілімді білемін, жетік меңгергенмін. Сотты қазақ тілінде жүргізейік десеңіз, жүргізейік. Бірақ, сотталушы Темірлан Еңсебек дәл осы жерде заңда белгіленген тәртіпке сәйкес, сот тілін ауыстыру туралы өтінішін айтсын. Бұл ертең сот неге орыс тілінде жүргізілмеді деп дау шығармау үшін керек. Тіл туралы мәселені ушықтырудың қажеті жоқ екенін мен сізге ескертемін. Заң бәрімізге ортақ», - деді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.