Әлеуметтік желілерде аулалар мен саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандырғаны үшін азаматтарға айыппұл салынады деген ақпарат тарады. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің түсіндіруінше, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында иесіз жануарларды немесе құстарды тамақтандырғаны үшін тікелей әкімшілік жауапкершілік көзделмеген.
Сонымен қатар, ведомство әлеуметтік желілердегі кейбір жарияланымдарда құқықтық нормалардың әдейі бұрмаланып отырғанын атап өтті. Әкімшілік жауапкершілік тамақтандыру фактісінің өзіне емес, нақты әрекеттердің салдарына байланысты туындауы мүмкін.
Мәселен, егер:
Мұндай жағдайларда ҚР ӘҚБтК-нің 432-2-бабы қолданылады. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды көздейді. Қайталанған құқық бұзушылық үшін жаза күшейтіліп, 20 АЕК айыппұл немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар белгіленуі мүмкін.
ІІМ азаматтарды заң талаптарын бұрмалап түсіндіретін ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.