Сұмдық! Шала туған және туа біткен ақауы бар сәбилер көп туылуда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 12 мамыр, 2023

Соңғы 10 жылда әлемде 152 миллион бала шала туылған. 2020 жылы 13,4 миллион бала шала туылып, олардың миллионға жуығы асқынулардың салдарынан қайтыс болған. Мұндай деректерді БҰҰ мекемелері мен ұйымның серіктестері жариялады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) әйелдерді, балалар мен жасөспірімдерді қорғау альянсымен бірлесіп дайындады. 
Мәліметтерге сәйкес, соңғы онжылдықта мерзімінен бұрын босану көрсеткіштері планетаның кез келген аймағында өзгермеген. 2010-2020 жылдар аралығында 152 миллион бала тым ерте дүниеге келген. 

Мерзімінен бұрын босану балалар өлімінің негізгі себебі болып табылатынын айтып, мамандар дабыл қағуда. Оның себептері белгісіз. Алайда салдары орасан. Шала туған баланың әріқарай өмір сүруі екіталай. Егер тым ерте дүниеге келген болса, мүгедектік пен бала дамуының кешеуілдеуі әбден мүмкін. 

Тағы бір деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын орта есеппен 2500-4000 нәресте түрлі туабіткен дерттермен дүниеге келуі көбейген. Оның ішінде 2500-ге жуық нәресте жаңа туған кезеңде хирургиялық көмекті қажет етеді. Республика бойынша хирургиялық көмек көрсетілген нәрестелер саны 11,6%-ға ұлғайған. Бұл ретте шұғыл операциялардың үлесі - 61,1%. Жыл сайын шамамен 3 845 сәбидің жүрегіне ота жасау қажет болады», - делінген Ашық НҚА порталы тұжырымдамасында. 

Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Ана мен бала ол ұлт байлығы. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңі. Бүгінгі таңда ана мен бала денсаулығына ерекше мән берілуде. Сау ұрпақты дүниеге әкелу тек отбасының емес, қоғамның да мақсаты.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.