Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқы жоңғармен соғысқан жаугершілік жылдары өз жауының үйінде ойран салмаған. Керек адамын қасиетті қара шаңырағынан тысқары әкетіп жекпе-жекке шақырған, деп жазады Turkistan Today.
Тіпті, бұл дәстүр бертінге дейін жалғасып, Николай ІІ патша заманынан соң орын алған революциядан кейін пайда болған «Вор в законе» (Заңды ұрылар) отбасыны құрметтеп, әйел, бала-шағаның көзінше біреуге күш жұмсауды айып санаған.
Фейсбук әлеуметтік желісіне бүгін ғана пост жариялаған белгілі қоғам белсендісі Оңғар Қабденнің жазбасына сүйенсек, «Мәслихат депутаты Руслан Насыровты өз үйінде ұрып-соққан».
Аталмыш постқа жарияланған видеоға үңілсек, бірнеше адам бір адамды үй қақпасының алдында біреуі ұстап тұрып, өзгелері оны соққыға жығып жатқанын байқауға болады.
О.Қабденнің жазуынша, «ол өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен жергілікті ірілердің жолын кесіп кеткендей...»
Қоғам белсендісі: «мұның бәрі Насыровтың заңсыз өтіп кеткен жерді мемлекетке қайтарып беруінде» - деп жазған.
Бұл постқа жұртшылықты Солтүстік Қазақстанға көшірумен айналысып танылған Бурақан Дақанов: «Лібә 20 гектар жер. 20 гектар. Мына батырлар Солтүстікке неге келмейді мында 100 мың гектарларды иемденіп, халықты жыоатып отқандар бар. Неге келмейд осы батырлар бізге тфуй әкің. Шатырым ашылып кетті ау» - деп күйінген пікір қалдырған.
Қазіргі кезде аталмыш жағдай бойынша, Түркістан облысының Полиция департаменті:
«Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері жергілікті тұрғынның хабарламасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 7 қазанында сағат 3:20 шамасында полицияға ерлер арасында туындаған жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Жанжал кезінде олардың бірі екіншісін ұрып, мүлікті бүлдірген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» және 202-бабы 1-бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жәбірленушіге қатысты сараптама тағайындалды. Заттай дәлел ретінде бейнежазбалар алынды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда.
Өз кезегінде, азаматтарға тек ресми дереккөздерге сүйенуді және жалған ақпарат таратудан аулақ болуға кеңес береміз» - деген ақпарат жариялаған.
Фото: Спутник.Уз
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.