Шебер қазіргі кезде қазақ тарихындағы ер тұрманның 23 түрін түгендеп кітап жазып жатыр
Төлебилік қолөнерші Құрбанәлі Ағаділов ер тұрман жасап, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген азамат. Тіпті, тарихта алғаш рет түйеге ер жасап, көпшілікті таңқалдырған жанның бірі. Сондай-ақ, шебер қазіргі кезде қазақ тарихындағы ер тұрманның 23 түрін түгендеп кітап жазып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Бүгінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ұстаға 300-ге жуық адам арнайы тапсырыс беріп, алатын ерін күтіп жүрген жайы бар. Оның көпшілігі - Көкшетау, Қызылорда, Ақтау, Атырау секілді өңірлердің тұрғындары. Тіпті, ішінде Қырғызстан мен Өзбекстан және Мәскеуден де тұтынушылар бар екен.
Төлеби ауданы Достық ауылының тұрғыны Құрбанәлі Ағаділовтың бұл кәсіпті қолға алғанына 30 жылға жуық уақыт болған. Осы уақыт ішінде ол 3000-нан астам ер тоқым жасап, халық игілігіне ұсынған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.