Жезқазғанда Металлург күніне арналған мерекелік іс-шара көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды,— деп хабарлайды turkistan.today
Қаныш Сәтбаев Жезқазған өңірінің мол мыс кен орындарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, олардың өнеркәсіптік маңызын ашты. Оның еңбегінің арқасында Жезқазған әлемдегі ірі мыс өндіретін орталықтардың біріне айналды.
Рәсімге кімдер қатысты?
Салтанатты рәсімге Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, Ұлттық құрылтай мүшесі, ел ағасы әрі еңбек ардагері Төлеген Бүкіров, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі, металлургия жөніндегі бас операциялық директор, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов, өңір басшылығы, еңбек ұжымының өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар есімі Қазақстанның тау-кен металлургия саласының дамуымен және өңірдің минералдық байлығын игеру тарихымен тығыз байланысты көрнекті тұлға Қаныш Сәтбаевтың рухына тағзым етті.
Сондай-ақ, гүл шоғын қою рәсімі отандық металлургия тарихына деген құрметтің, сондай-ақ саланы дамытып, еңбек дәстүрін жалғастырып келе жатқан ұрпақ сабақтастығының символына айналды.

Айта кетелік, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев — көрнекті қазақ ғалымы, геолог, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті. Ол Жезқазған өңірінің мол мыс кен орындарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, олардың өнеркәсіптік маңызын ашты. Оның еңбегінің арқасында Жезқазған әлемдегі ірі мыс өндіретін орталықтардың біріне айналды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.