Бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар
Бүгін бүкілхалықтық референдум күні Түркістан облысындағы 167 ауылдық елді мекенде жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеуде,- деп хабарлайды turkistan.today
Аталған медициналық бригадалар учаскелерге келген дауыс берушілердің денсаулығын бақылайды. Айта кетсек, Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады.
Бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. Барлық 945 учаскеде жалпы 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.