Түркістанға ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы келді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 19 ақпан, 2025

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен төрағаның орынбасары Мұхтар Ерман Түркістан облысына  іссапармен келді,- деп хабарлайды turkistan.today

Сапар барысында облыстық және Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында аумақтық сайлау комиссиясы  төрағаларының сайлауға дайындық барысын пысықтап, бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмыстары жөнінде есебін тыңдады.

Шарада облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев облыстық комиссияның әзірлігі жөнінде есепті баяндама жасады. Кейін аудан-қалалардың аумақтық сайлау комиссиясы төрағалары өз аумақтарындағы сайлау өткізу бағытында ұйымдастырылған жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, төраға орынбасары Мұхтар Тілдәбекұлы облыстық сайлау комиссиясының тарапынан 2024 жылы ұйымдастырылып, өткізілген сайлау жұмыстарына оң баға берді.

Кездесу барысында Нұрлан Мәжитұлы тағайындалған сайлауды заң аясында ұйымдастырып өткізуді тапсырды. Одан бөлек, сайлау учаскелерінің жабдықталуына баса назар аударуды, БАҚ өкілдерін тіркеуді, қоғамдық бірлестік өкілдерімен және жас сайлаушылармен тұрақты байланыс қалыптастыруды тапсырды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау, цифрлық құжаттармен жұмыс және сайлау күні орын алуы мүмкін түрлі жағдайлар кезінде комиссияның орындауы тиіс заңды іс-әрекеттерін түсіндіру мақсатында тәжірибелік әдістемелік сабақтарды жиі өткізуді жүктеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.