Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында жалпы 14 азамат өз өтініштерін жеткізді,- деп хабарлайды turkistan.today
Азаматтардың өтініштері негізінен әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру және ауызсу жүйесін жақсарту мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қатар, жергілікті учаскелік полиция жұмысына байланысты арыз-шағымдар да қаралды.
Әзімбек Пазылбекұлы көтерілген мәселелерді уақыт күттірмей шешілуі тиіс мәселелерді қабылдау барысында толық шешіп, зерделеуді талап ететін өтініштерді назарда ұстайтынын жеткізді.
Әкімдік тарапынан барлық өтініштер бақылауға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы тиімді кері байланысты қамтамасыз ететін маңызды құрал екенін айтты. Әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамай, оны шешудің жолдарын қарастыру – әкімдік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екендігіне тоқталды.
Айта кетейік, қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр айдың үшінші сәрсенбісінде бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығының (Фронт-офис) қызметіне жүгінуге болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.