Түркістан қаласының тазалығы – күнделікті қатаң бақылауда

Түркістан 12 тамыз, 2025

Түркістан қаласы әкімдігі қаланың санитарлық тазалығын күнделікті жүйелі қамтамасыз етіп келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Тазалық жұмыстары таңғы сағат 07:00-де басталып, әр қызметкер өзіне бекітілген аумақта аулаларды сыпырып, тұрмыстық қалдықтарды жинайды. Жұмыс барысын қадағалау үшін арнайы бригадирлер мен техникалар тағайындалған.

Қала аумағында барлығы 875 көше, жалпы ұзындығы 845 шақырым жол санитарлық тазалаумен қамтылған. Оның ішінде бірінші кезектегі 30 көше күн сайын тазаланса, екінші кезектегі 120 көше аптасына 2–3 рет, ал үшінші кезектегі 725 көше бекітілген кестеге сәйкес тазаланады.

Сонымен қатар, қаладағы алты сектор бойынша ішкі орам көшелерін жеке кәсіпкерлер белгіленген кестеге сәйкес тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.