Бүгін Арыс қаласында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімдер күніне арналған «Наурыз көктем – Этно Fashion» атты ерекше флешмоб пен шеру өтті. Қаланың басты көшелерінің бірі – Әл-Фараби даңғылы бойымен бастау алған сән көрсетілімі орталық алаңда қорытындыланды. Аталған шараға 500-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Флешмоб барысында қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық киімдерін киіп, сән көрсетілімін ұйымдастырды. Ақжаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардан бастап, орта жастағы азаматтар, жастар мен жасөспірімдер өз жас ерекшеліктеріне сай ұлттық киім үлгілерін паш етті. Әжелер кимешек пен сәукеле тағып, ер азаматтар шапан мен бөрік киіп, ал жастар заманға сай ұлттық нақыштағы сәнді киімдерін жұртшылық назарына ұсынды.
Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары көшеде жүріп келе жатқан сәндік шеруді қызыға тамашалап, естелік суреттерге түсті. Кейбіреулері ұлттық киімдердің әсемдігіне таңданысын білдіріп, алдағы уақытта мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керектігін атап өтті.
«Наурыз көктем – Этно Fashion» флешмобы мен сәндік шеруі – ұлтымыздың сән өнері мен дәстүрін жаңғыртып, жас буынға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің таптырмас үлгісі болды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.