Түркістан: “Ата заң – тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жұмыстары пысықталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 21 шілде, 2025

Биыл ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады. Айтулы мерекеге орай, ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған "Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы жоспар аясында еліміздің барлық өңірінде іс-шаралар өтеді. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Жауапты тұлғаларға осы жоспардағы іс-шараларды толықтыру, жұмысты жүйелеу жөнінде тапсырмалар берілді. 

– "Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспары аясындағы бастамалар мен іс-шараларды сапалы жүзеге асыруымыз керек. Осы бағытта жұмысты жүйелеп, нақтылаңыздар. Азаматтардың бойына Ата Заңымыздың мәні мен маңызын сіңіріп, Конституциямыздың тұрақтылық кепілі екенін түсіндіре білуіміз керек. Әр азаматтың құқығының қорғалуы – мемлекеттіміздің басты құндылығы. Тиісті жұмыстарды жандандыруды тапсырамын, – деді Ертай Алтаев. 

Жиында жауапты басқарма басшыларының пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Тапсырмалар хаттамаға енгізілді. 

Айта кетейік, "Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" жоспары 30 іс-шарамен қамтылған, Оның ішінде аймақтық, ғылыми-практикалық, ақпараттық-ағартушылық бағыттары бар. Бірқатарына тоқталсақ, конституциялық заңдылықты қалыптастыруға және сақтауды қамтамасыз етуге, конституциялық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты марапаттау, диалогтар, отырыс, конференциялар мен салтанатты қабылдау өткізу жоспарланған. Сонымен бірге "Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры"  қалалық және ауылдық кітапханалар базасында мектеп экскурсияларын, ашық сабақтар, жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша конкурстар өткізу межеленген. 
Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайтуға, ананы, әке мен баланы, еңбек ету мен білім алу құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін құрметтеуге арналған интерактивті көше акцияларын және өзге де іс-шаралар өткізу көзделіп отыр. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.