Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс әкімі аппараты, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, алда атқарылатын жұмыстар мен басым бағыттарға тоқталды. Өңір басшысы аймақтың өзекті мәселелерін зерделеп, шешу бағытында нақты істер атқарылатынын жеткізді,- деп хабарлайды turkistan.today
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, ішкі жалпы өнім көлемін арттыру, өңірді дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында тапсырмалар жүктеді. Ел Президенті мен Үкіметтің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындауымыз қажет. Облысты дамыту мақсатында біз өндірісті өркендету, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашуға басымдық береміз. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына өздерінің функционалдық міндеттерін сапалы атқарып, жұмыс барысында оң көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырамын. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су үнемдейтін технологияны енгізу, суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдар алқабын көбейту – уақыт талабы. Инфрақұрылымды жақсарту мәселесі және құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда болады, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте облысты дамыту, барлық сала бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру жолдары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.