Түркістан: ДКО жеңімпаздары өз таңдауларын жасады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 18:26

Азамат Мақұлбеков республика көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси шара АЭС құрылысына қатысты референдумға қатысты

Ел мақтанышы, белгілі спортшы, V дүниежүзілік Көшпенділер ойынының жеңімпазы арыстық Азамат Мақұлбеков республика көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси шара АЭС құрылысына қатысты референдумға қатысып, өз таңдауын жасады,- деп хабарлайды turkistan.today

Алыптар сайысының жеңімпазы Азамат қоғамның белсенді мүшесі ретінде елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерден шет қалмауды азаматтық борышы санайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, V дүниежүзілік көшпенділер ойынындарында көкпардан жеңіспен оралған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі жетісайлық Абылайхан Нышанбеков пен Жетісай аудандық көкпар федерациясының Президенті Сабыр Айбеков, аудандық «Ұлттық спорт клубы» КММ басшысы Ерлан Райымбердиев бастаған бір топ шабандоздар Жаңа ауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде орналасқан №211 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.