Түркістан өңірінде Ғазиз Байтасовқа арналған сынып және кинозал ашылды

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 1 қыркүйек, 2024

Кездесу мектеп ішінен «Халық Қаһарманы» Ғ.Байтасовқа арналған сынып әрі кинозалдың ашылуы барысында ұйымдастырылды

Облыстың бас полицейі М.Қабденов №28 мектептің жас сақшыларымен арнайы кездесіп, сұқбаттасты. Негізгі мақсат - оқушылардың Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін арттыру,- деп хабарлайды turkistan.today
     
Кездесу мектеп ішінен «Халық Қаһарманы» Ғ.Байтасовқа арналған сынып әрі кинозалдың ашылуы барысында ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар алғашқы әскери даярлық әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, полицейлер тарапынан ұсынылған фильмдер, профилактикалық шараларды көріп, ерлік әрекеттерді ұлықтайтын деректі фильмдерді тамашалайды.

 
Полиция генерал-майоры М.Қабденов: «Бұл сыныпқа қызмет атқару барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасов аталарыңыздың есімі берілді. Сондықтан Сіздер осы полицей ағаларыңыздай елге адал қызмет етер үлкен азамат болып өсе беріңіздер! Елге еткен еңбек ешқашан ұмытылмайды, ескерусіз қалмайды!»-деп атап өтті.  

Мектептің жас сақшылары жиналған сыныпта генерал М.Қабденов жасөспірімдермен пікір алмасып, құқықтық сауаттылығын дамыту бағытында, өмірлік тәжірибелерінен айта отырып, болашаққа жол сілтеді. Ал балалар полиция қызметіне қатысты түрлі сұрақтарын қойып, осы салаға деген қызығушылықтарын білдірді.

Кездесу соңында жас сақшыларға Полиция департаментіне қарасты қызметтік автокөліктер таныстырылып, естелікке суретке түсу рәсімі өткізілді. 
 
Айта кетейік, бұл шара қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ІІО қызметкерлерін еске алу мақсатында министрліктің республика мектептерінде «Жас сақшы» полиция сыныптарын, сондай-ақ марқұм болған қызметкерлердің есімдерін бере отырып, алғашқы әскери даярлық кабинеттерін ашу жоспары бойынша жүзеге асырылды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.