Түркістан көшелеріне заманауи автобустар шықты

Түркістан Бүгін, 14:18

Бүгін Жұмысшы мамандықтар жылы және Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңа автобустардың желіге қосылу шарасына қатысып, жұмысшы мамандармен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан қаласында 190 қоғамдық көлік 21 бағытта қызмет көрсетеді. Бұл бағыттарда 300-ге жуық жумысшы еңбек етеді. Жыл соңына дейін қосымша 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жұмысшы мамандармен кездескен қала басшысы ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келген сала өкілдеріне алғысын білдіріп, медалдармен марапаттады.

-Жылдар бойы таң атқаннан кеш батқанға дейін жүргізушіден бастап техник-механикке, диспетчерден кондукторға дейін – барлығыңыз маңдай термен қаламыздың дамуы мен халықтың игілігіне қызмет етіп келесіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Автопарк бүгін көптен күткен 16 жаңа заманауи автобуспен толығып отыр. Жыл соңына дейін қосымша 10 жаңа автобус алуды жоспарлап отырмыз,- деді Әзімбек Пазылбекұлы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.