Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына іссапарында кәсіпкерлік және білім нысандарының жұмыстарымен танысты. Абай ауылында орналасқан жиһаз цехына барды,- деп хабарлайды turkistan.today
2006 жылы өз жұмысын бастаған цех үйде қолданатын және асханаға арналған жиһаздар өндірісін жолға қойып, облыс аумағын қамтамасыз етуде. Сұранысқа байланысты айына 200 жиһаз жасап шығарады. Жоба құны – 250 млн теңге. Цех аумағы 0,15 га жер учаскесінде орналасқан. Қазіргі уақытта цехта 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жұмысшылар жалақысы – 250-400 мың теңге аралығында.
– Облыста жиһаз кластерін дамыту жұмысы қолға алынды. Біздің өңірдің кәсіпорындары елімізді ғана емес, шетелдерге де жиһаз экспорттауға қабілетті болуы тиіс. Оған мүмкіндік бар, – деді Дархан Сатыбалды.
Кәсіпкермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдаған облыс әкімі осы бағыттағы шағын кәсіпорындарды көбейту керектігін айтты. Жауапты басшылар мен аудан әкіміне осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.