Түркістан: Кентау қалалық ауруханасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 9 қазан, 2024

Халықтың денсаулығын жақсарту және оларға сапалы медициналық қызметтер көрсетету үшін заманауи денсаулық мекемелері аса қажет

Қазіргі таңда Түркістан облысында 4 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде былтыр мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруымен Кентау қалалық ауруханасының «А» корпусы толық күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын,- деп хабарлайды turkistan.today

Биыл «А1» корпусын толық күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінде құрылыс жұмыстары жасалуда. Келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары аясында қалалық аурухананың жай-күйімен танысты. Жауапты сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеп, құрылыс барысын пысықтады. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарына қатысты мәселелерді толық шешуді, сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалауды тапсырды. 

– Облысымызда өзге өңірлерге қарағанда тұрғын саны көп. Халықтың денсаулығын жақсарту және оларға сапалы медициналық қызметтер көрсетету үшін заманауи денсаулық мекемелері аса қажет. Біз медицина саласының инфрақұрылымын жақсарта отырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауымыз керек, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды. 

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты бұл мекемеде 514 қызметкер жұмыс істейді. 1984 жылы соғылған ғимараттың жалпы ауданы –  9695,33 шаршы метр. Ал жалпы аумағы 35 637 шаршы метрді құрайды. Аурухана қызметіне Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің 100 мыңға жуық тұрғыны жүгіне алады. Кентау орталық қалалық ауруханасы жылына 13-14 мың науқасқа сапалы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде. Өткен жылдың   мамыр айында нысан аккредитациядан өткізіліп, «Ұлттық аккредиттеудің 1-ші санаты» алынды. 313 төсек орынға арналған мамандандырылған медициналық ұйым 12 бөлімшеден құралған.

Айта кетейік, Кентау қаласындағы денсаулық нысанынан бөлек, Келес аудандық «Абай» ауруханасы мен Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасы және Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты «Боралдай» медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орын ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұдан бөлек Түркістан облысында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік және 6 медициналық пункт қамтылған. Сонымен қатар 42 нысанды инженерлік желілермен қамтуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралған болатын. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.