Түркістан: «Кентау-сервис» жылу энергия орталығы толық күрделі жөндеуден өтуде

Түркістан 23 тамыз, 2024

Биыл жылыту маусымында 4 қазандық толық іске қосылса, ал қалған 4 қазандық резервтік күйде болады

Бүгін Кентау қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Шара аясында журналистер 90 жылдық тарихы бар «Кентау-сервис» Жылу энергия орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Кәсіпорын 1934 жылы құрылып, қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жалпы орталықта 8 қазандық бар. Қазіргі таңда оның алтауы – күрделі жөндеуден, екеуі – ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Биыл жылыту маусымында 4 қазандық толық іске қосылса, ал қалған 4 қазандық резервтік күйде болады. Бұл туралы орталықтың бас инженері Мұхтар Мұхитдинов мәлімдеді. 

Сондай-ақ, Кентау қаласындағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелері мен 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, жылу орталығын басқару станциясы заманауи технологиялармен толық автоматтандырылып жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарына 220 адам жұмылдырылған. 

Айта кетсек, қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне 14 мыңға жуық абонент қосылған. Оның ішінде, бюджеттік мекемелер саны - 108, жеке секторлы тұрғын үйлер саны – 2 295, көпқабатты тұрғын үйлер саны - 347, коммерциялық нысандар саны - 441. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.