Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ұстаздармен кездесіп, дәстүрлі Тамыз конференциясына қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан қаласында 85 мектепте 55 мыңнан астам оқушы білім алып, 150 балабақшада 17 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде.
Сондай-ақ, биылғы жылы 178 оқушы «Алтын белгіге», 250 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болып, түлектердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік гранттармен оқуға түсті.
— Өткен оқу жылында қаламызда төрт жаңа мектеп пайдалануға беріліп, үш «Жайлы мектеп» және №35 мектеп іске қосылды. Сонымен қатар, білім сапасы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Оқушыларымыз республикалық, халықаралық олимпиада мен байқаулардан жүлделі орындармен оралды. Тағы бір жақсы жаңалығымыз, биыл екі бірдей мекеме – Өнер мектебі мен Балалар-жасөспірімдер орталығы жаңа ғимаратқа көшірілетін болады, - деп атап өтті қала басшысы.
Айта кетелік, Түркістан әкімі өз сөзінде ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, мектептерде «Ясауитану» пәнін енгізуді ұсынды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.