Түркістан: Колледждер мен кәсіпорын басшыларына мамандарды бірлесе даярлау бастамасы ұсынылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 1 ақпан, 2025

Мемлекет басшысы биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылында» еңбек адамдарының имиджін ілгерілетумен қатар, маман даярлау ісіне басымдық беруді тапсырды. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Оған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жауапты өкілдері, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылхан Ибадуллаев, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова, өңірдің кәсіпкерлері, кәсіпорындардың басшылары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілері, бизнес қауымдастығының мүшелері онлайн-офлайн форматта қатысты. 

– Президенттің игілікті бастамасын іске асыру жолында әрбіріңіздің рөлдеріңіз ерекше. Бұған дейін ынтымақтастықпен жұмыс атқарып келдік. Білім беру мен өндіріс саласындағы серіктестік пен байланысты одан әрі нығайту қажет. Сонда ғана сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, жаңа технологияларды меңгерген, тәжірибе алмасуға бейім кадрлар арқылы бірнеше мәселені шеше аламыз. Мамандарды тәжірибе алмасуға жолдап ғана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасуына дейін бірлесіп жұмыс жүргізу керек. Жастардың талабын, ынтасын ояту үшін дуалдық оқыту жүйесін дамыту өзекті болып отыр. Студенттер теориялық біліммен шектелмей, өндірістік тәжірибе алып, сол өндіріс орындарына жұмысқа орналасулары тиіс. Қазіргі таңда кәсіпорындардың колледжерге қамқорлық көрсетуі деген ұғым пайда болуда. Өзіне қажетті мамандарды даярлауға көмектеседі. Бұдан бөлек электронды еңбек биржасының мүмкіндігін ұтымды пайдаланыңыздар. Проблемаларды жасырмай ашық талқылауға және ұсыныстарды ескеруге әрдайым дайын екенімізді ескерткім келеді, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Жиында Айгүл Ерғалиқызы «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу және жаңа мамандарды даярлау жүйесі бойынша атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды таныстырды. Ал «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК директоры Айдос Апбазов «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сөз алып, пікірін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпорын жетекшілері де үлес қосуға ынталы екендерін білдіріп, пікір алмасты. 

Өңірде өндіріс орындарына қажетті нақты мамандықтарды анықтап, соған сай жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Аймақта ашылып жатқан зауыттарда жергілікті жастар жұмыспен қамтылуы қажет. 

Мәжіліс соңында облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлер мен колледж басшыларын көтерілген мәселелерге белсене араласып, жанашырлықпен жұмыс істеуге шақырды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.