Түркістан: Әлеуметтік салалардағы нәзік жандылар құрметке бөленді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 7 наурыз, 2025

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «8 наурыз – әйелдердің халықаралық күні» мерекесіне орай өзі жетекшілік ететін салалардағы ханымдарды құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today

Ең әуелі Түркістан қалалық емханасында медицина мамандарымен кездесіп, ыстық ықыласын жеткізді. Еңбек адамдарының, оның ішінде дәрігерлердің еңбегі мен қоғамдағы орнын атап өтіп, марапаттарды табыстады. 

Мұнан соң облыс әкімдігінің ғимаратында білім, денсаулық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағыттардың дамуына үлес қосып жүрген әйел басшылар мен қызметкерлерге, сала ардагерлеріне және баспасөз қызметінің мамандарына лебізін білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы 40-тан астам нәзікжанды облыс әкімі Н.Көшеровтың, орынбасары Б.Тәжібаевтың Алғыс хаттарына ие болып, құрметке бөленді. 

— Құрметті ханымдар! Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – отбасының берекесі, қоғамның тірегісіздер. Әйел – мейірімнің қайнар көзі. Қазақ әйелдері – ұлттың ұйытқысы. Өз салаларыңызда жемісті еңбек етіп, жаңа белестерді бағындырып, іскерлік пен ізгілікті ұштастырып келесіздер. Ерекше қажыр-қайрат пен жауапкершіліктің, кәсібилік пен парасаттың үлгісін көрсетіп, жетістікке жетіп жүргендеріңіз бізді қуантады. Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке, сарқылмас шабыт тілеймін. Әр күн қуаныш пен шаттыққа толсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.