Түркістан: Мақтаарал ауданы маңында жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша келіссөз жүргізілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 18:39

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестор Түркістан облысында замануаи индустриалды аймақ және Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында жобаларды жүзеге асыруға ниетті,- деп хабарлайды turkistan.today

– Біз өндірісті өркендетуге жаңа зауыттар мен жұмыс орындарын ашуға басымдық беріп отырмыз. Инвесторларға инфрақұрылым бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Әрбір жобаны сүйемелдеп, бірге жұмыс істейміз, – деді Нұралхан Көшеров. 

Кездесу барысында әріптестік жөніндегі меморандум түзу бойынша келісім жасалды. Инвестор Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында электр жабдықтарын, пластмасса өнімдерін, жылу құбырларын және өзге де заттар шығаратын кәсіпорындар ашуды көздеп отыр. Сонымен бірге инвестиция тартып, бизнес орталық, жүк сақтау қоймаларын салу жоспарын да жеткізді. Бұл мәселелер зерделеніп, тиісті жұмыстар жүргізіледі. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.