Соңғы жылдары мақтааралдық диқандар қырыққабат өсірумен де ерекше көзге түсіп келеді. Жергілікті диқандардың өнімі бүкіл елге танылып, тіпті шетелдерге экспортталып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Жалпы аудан бойынша ерте пісетін қырыққабат дақылы тамшылатып суғару технологиясымен 430 гектарға егіліп, бүгінгі таңда алғашқы өнімдер жиналды. Қазірдің өзінде 1500 тоннаға жуық қырыққабат өнімі көршілес Рессей мемлекетіне экспортталды.
Қырыққабатты алғаш болып шығарған қожалықтардың бірі – Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елдімекеніндегі «Ережеп ата» шаруа қожалығы. Биыл мұнда 12 гектарға қырыққабаттың түрлері тамшылатып суғару технологиясы арқылы егілген болатын.
Өнім шығып, қазіргі таңда 170-190 теңге аралығында сатылуда. Гектарына 300 центнерден өнім беруде. Мақтаарал ауылдық округі Н.Есентаев елдімекенінде орналасқан «Агрогруз» өндірістік кооперативі қырыққабат қабылдау бекетін ашып, өнімді тікелей Ресейге жөнелтуде.
Ауданда апта соңына дейін қызылша өнімі де нарыққа жол тартады. Мақтаарал ауылдық округі, Н.Есентаев елді мекеніндегі «Сабыр» шаруа қожалығына қарасты 35 гектар жер болса, оның 7 гектарына қызылша, 10 гектарына қырыққабат, 13 гектарына қауын егілген. Қызылша бірер күнде пісіп, қожалық басшысы өнімін 300 теңгеден саудалауды көздеп отыр.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында мақта егу науқаны да басталды. Биыл 35 мың гектардан астам алқапқа мақта дақылын егу жоспарланған болса, қазірдің өзінде 4 мың гектар алқапқа мақта шиті себілді. Оның ішінде 800 гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясы қолданылады. Сонымен қатар қыраққабат, бақша және күріш дақылдарына да тамшылатып суғару технологиясы енгізілуде.
Мақтаны тамшылатып суғару технологоиясы арқылы егіп жатқан қожалықтардың бірі — Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Өнімкер елді мекенінде орналасқан «Согдиана» шаруа қожалығы. Мұнда отандық «BNK group» компаниясымен келісімшарт жасалып, 11,4 гектар аумаққа жаңа су үнемдеу технологиясын ендіріп жатыр. 1 гектарға 900 мың теңге шығын шықса, кеткен шығынның 80 пайызын мемлекет субсидиялап беруде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.