Түркістан: Мамандар қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Фото:Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото:Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 10:19

Елімізде соңғы аптада балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамау және-ауа райының қолайсыздығын ескермеу салдарынан 9 адам суға кетсе, оның 3-і кәмелетке толмаған балалар. Бұл жайында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дүйсен Оразгелді брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Түркістан облысында тұрғындардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент тарапынан жылдың барлық мезгілінде профилактикалық, рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Жалпы қысқы кезеңдегі рейдтік шаралар барысында судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін 10 адамға айыппұл салынды. Ал, жыл басынан бері 76 жеке тұлғаға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Атқарылған іс-шараларға қарамастан облыстағы су айдындарында балық аулау кезінде өткен жылы 1 қайғылы жағдай тіркелді. Жалпы облыс аумағында 2018 жылдан бері бүгінге дейін 16 адам балық аулау кезінде суға батып қайтыс болған»,- деді Дүйсен Нұрмаханұлы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Педен жаңа жыл уақытындағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Оның сөзінше, өңірдегі сауда орталықтарында пиротехникалық өнімдерді сату басталып кеткен.

«Негізінен пиротехникалық заттарды сатуға рұқсаты жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтары бар сауда орындарына полиция қызметкерлері тарапынан айыппұл салынып, пиротехникалық заттар тәркіленеді. Бүгінде жаңа жыл мерекесіне орай пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы ретте мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша қала тұрғындарының арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, жаңа жыл шыршасы өтетін орындарда мемлекеттік инспекторлармен өрт қауіпсіздігін сақтау, қадағалау жұмыстары атқарылады. Одан бөлек, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, облыс аумағындағы сауда орталықтары мен базар басшыларымен және қоғамдық тамақтану орындарының өкілдерімен дөнгелек үстелдер өткізілуде»,- деді Нұрболат Нұржанұлы.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.