Түркістан: Мамандар жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 5 қараша, 2024

Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне 200 дана газосигнализатор құрылғысы орнатылды

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының жоспарын бекіткен болатын. Соған орай 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты - жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығын, мүлік пен қоршаған ортаны өрттен қорғау, тұрғын үйлерде өрттің туындау және табиғи газдан улану тәуекелдерін төмендету. Бұл жайында департаменттің басқарма басшысы Мұхан Байымбетов брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

-  Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне 200 дана газосигнализатор құрылғысы орнатылды. Биыл жылыту маусымы басталғалы улы газдан улану жағдайы орын алмады. Алайда өткен жылыту маусымында улы газбен уланудың 7 жағдайы тіркеліп, салдарынан 5 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде қазіргі кезге дейін 20 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам жарақат алса, қаза тапқандар жоқ, - деді спикер.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.