Түркістан: Нашақорлықтың алдын алу бағытында рейдтік іс-шара өтті

Түркістан Бүгін, 11:57

Түркістан қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу және есірткі жарнамасына қарсы күрес мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі мен қала прокуратурасының ұйымдастыруымен ауқымды рейдтік іс-шара өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Іс-шара барысында қала аумағында нашақорлықты насихаттайтын жарнамалар мен граффити жазбаларды анықтап, жою жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта қала үш негізгі аумаққа бөлініп, әрбір секторға арнайы жұмыс топтары бекітілді.

Рейдтік шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы орган мамандары, ерікті жастар мен қоғамдық ұйым мүшелері тартылды. Арнайы топтар тарапынан анықталған заңсыз жазбалар бойынша тиісті деректер тіркеліп, құзырлы органдарға жолданды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара — қоғамда құқықбұзушылықтың алдын алу және жастарды салауатты өмір салтына баулу бағытындағы маңызды қадам.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — баршамызға ортақ міндет.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.