Түркістан: Облыс әкімінің орынбасарының жеке қабылдауында маңызды ұсыныстар айтылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 29 қаңтар, 2025

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыс тұрғындарын жеке қабылдады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкімі орынбасарының қабылдауына жазылған азаматтар мәдениет үйі мен спорт кешенін салу, жастар саябағын салу және ескерткіш орнату мәселелерін көтеріп, қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар айтыскер ақын Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына орай кеш өткізу, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мәселелерін қозғады. Кенесары ханды жас ұрпаққа дәріптеу жөнінде де ұсыныс берілді.

Жалпы қабылдауға жауапты тұлғалар қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуі қарастырылды. 

«Ашық әкімдік» кеңсесіне келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұхият тыңдаған Ертай Кенжебекұлы әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүретінін жеткізді. Сондай-ақ оларға түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.