Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 9 сәуір, 2025

Бүгін «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Алқалы басқосуға Түркістан облысының әкімі – облыстық ҚХА төрағасы Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, ҚХА құрылымдарының төрағалары мен мүшелері, облыстық Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға модераторлық еткен облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік Ассамблея тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстарды жүргізіп келе жатқанына тоқталды.

Бұл ретте, облыстық Ассамблея тарапынан «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану» «Қайырымдылық керуені» және «Шаңырақ» жобалары тиімді іске асырылуда. Жыл басынан бері облыс аумағында түрлі 440 іс-шара, 15 қайырымдылық акция, 134 ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізілген. Биыл ҚХА-ның 30 жылдығы аясында облыста 2000-нан аса ұлттық, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларды жүзеге аспақ.

Жиын барысында былтырғы жылдан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасарлары қызметін атқарып келген түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров пен өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирисметов көпшілік дауыспен Ассамблея төрағасының орынбасарлары болып қайта сайланды. Ал жастардың атынан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары болып «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман сайланды. 

Келелі кеңесте облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов, облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко, «Ассамблея жастары» ұйымының мүшесі Индира Раван-Нахчивани қайырымдылық шараларын ілгерілету, мемлекеттік тілді үйрену, ҚХА жастар қанатының жобаларын іске асыру бойынша байыпты пікір білдірді.

Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар этносаралық бірлікті нығайту мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. 

Кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының ҚХА-ның 33-сессиясында берген тапсырмалары Түркістан облысында сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті.

– Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, барлық жерде дәріптелуі қажет. Мемлекет Басшысының айқындаған басымдықтары баршамыздың бірлікте болуымыздың нәтижесінде орындалады. Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Президенттің маңызды бастамаларын толық қолдай отырып, ортақ күш-жігерімізбен елімізді бұдан да қуатты елге айналдыру жолында жұмыс жүргізетін боламыз, - деді облыс әкімі.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.