Түркістан облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесі ел жұртшылығына үндеу жариялады

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр
Түркістан 20 желтоқсан, 2024

Түркістан облыстық Қазақстан халқы жанындағы Аналар кеңесі барша аналардың атынан бүкіл ел жұртшылығына Үндеу жариялады,- деп хабарлайды turkistan.today

"Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында, Ассамблеяның 33- сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің жұртшылығын ізгі қоғам құруға, қоғамымызды дендеп тұрған «бес кесел» нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық- зомбылық, вандализм және ысырапшылдықтан сақ болуға шақырған болатын. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл әсіресе ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек,ортақ іске бүкіл ел болып, жұмылғанымыз жөн. Ұлтына, дініне, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына қарамай, оған барлығы атсалысуы керек деген болатын.

Бүгінде Қазақстан Ассамблеясы президенттің осы ойын қуаттай отырып,” Салауатты сана” жобасын іске асырып отыр. Біз Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесі жанындағы мүшелері сіздерге осы жобада атап, көрсетілген бүгінгі қоғамның ортақ дертіне айналып отырған,ысырапшылдық тоқтану туралы үндеу жасамақпыз"- делінген үндеуде. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.