Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында бюджетке қатысты мәселелер шешімін тапты

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 9 сәуір, 2025

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырып өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселе қаралды.

Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасады.

Маңызды мәжілісте депутаттар басқарма басшысына сұрақтар қойып, тиісті шешім қабылдады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров сессия жұмысын қорытындылай келе, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

– Бүгінгі сессияда маңызды мәселелер қаралып, облысымыздың экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында нақты шешімдер қабылданды. Мұндағы мақсат – халықты толғандыратын мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша тиісті шараларды қабылдау екені белгілі. Нақтылай өтсем, биылғы 2 айда өсім 111,1%-ды құрап, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі сақталды. Осы қарқынды бәсеңдетпей әрі қарай тиісті жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырамын. Сессия барысында қаралған мәселелерге бірауыздан қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді облыс басшысы. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.