Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы                  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат төрағаларымен кездесті

Түркістан 20 мамыр, 2025

Түркістан облыстық мәслихатында Н.Әбішовтың төрағалығымен аудандық, қалалалық мәслихат төрағаларының қатысуымен келелі жиын өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Мәслихат төрағасы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының төрағалығымен өткен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кезекті отырысында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.  
Еліміздегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайту және Ассамблеяның саяси-тарихи рөлі жөнінде кеңінен түсіндірді.

Жиынның мақсаты да елдегі ауызбіршілік пен бірлікті сақтау, депутаттық корпустың қоғамдық келісім мен этномәдени бірлестіктермен бірлесе атқаратын жұмыстарын талқылау және дұрыс үйлестіруді жүзеге асыру туралы болды.
Нұралы Әбішов бұл бағытта мәслихат төрағалары мен депуттарының маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

– Халықтың сенімі мен аманатын арқалау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оған немқұрайлы қарау депутатқа тән қасиет емес. Сондықтан халық қалаулылары барлық істе белсенді болуы тиіс. Себебі әр депутаттың артында оған сенім білдірген сайлаушылары бар. Бір ел - бір мүдде деген сөз тіркесінің өзі осы мағынаны білдіреді. Елдің бірлігі мен ынтымағын бекемдеу әрбір азаматтың парызы, міндеті деп есептеймін. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, ҚР Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Қаринмен болған кездесулерде қоғамдағы этносаяси ахуал, ішкі тұрақтылық, келісім, ынтымақтастық құндылықтарын арттыру туралы айтылды. Біз де бұл бағытта үлкен жауапкершілікті сезінуіміз керек. Сондықтан осы бағыттарда жұдырықтай жұмылып бірге нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын, - деді Нұралы Әлмаханұлы.

Сонымен қатар, жиында елді мекендерге атау беру тәртібі, ескерткіштер қою тәртібі, депутаттардың этикасы туралы да айтылды.  Бұл бойынша облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Нұргүл Жақсылықова, тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің басшысы Омар Жексенбаев және облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Исаев баяндама жасады.
 
Сондай-ақ, кездесуде аудан, қалалардағы елді мекендерді сапалы электр энергиямен қамту бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен атқарылатын жұмыстарды үйлестіру, депутаттардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру» атты семинар туралы, кіші футболдан турнир өткізу туралы мәселелер талқыланды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.