Түркістан облысы әкімдігі Woosong University Kazakhstan оқу ордасына 100 грант бөлді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 шілде, 2025

Биыл күзде Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай Woosong University Kazakhstan университеті ашылады. Аталған оқу ордасының құрылысы аяқталып, бүгінде талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүруде. Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысын  қалыптастыру бойынша комиссия өткізіліп, қазіргі таңда 100 грант есептеліп, жергілікті мәслихат сессиясында қолдау тапты. Қабылдау комиссиясы Түркістан қаласындағы  «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде орналасқан. 
Заманауи ІТ университетінде 2 мамандық бойынша білім беру жоспарлануда және 2000-ға жуық студентке дейін қабылдай алады. Мамандықтар: жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау; бағдарламалық қамтамасыз ету.

Қазірдің өзінде 300-ден аса талапкерден өтініш түскен. Олардың 160-ға жуығы Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, СҚО, Абай, ШҚО, БҚО және Жетісу облыстарынан келсе, Қарақалпақстан Республикасынан да 1 үміткер оқуға құжат тапсырған.

Айта кетейік,  жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Сонг Кён Ким бастаған делегациямен кездесіп, Түркістанда ашылатын халықаралық университетті уақтылы тапсыру, жұмысын бастау, құжаттарын реттеу, оқу процесін нақтылау бағытындағы мәселелерді жүйелеген болатын.

Оқу ордасына құжаттар қабылдау жұмыстары жалғасады. Қосымша мәліметті 8 776 170 8242 телефон нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.