Сауран ауданы бойынша 41 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
Саурандықтар референдумда белсенділік танытуда. Жас пен жасамыс та өз таңдауларын жасап жатыр. Жібек Жолы ауылдық округінің егіз тұрғындары ағайынды Нұрбол мен Ербол Тәжібаевтар жұбайларымен бірге №86 учаскеде өз дауыстарын берді,- деп хабарлайды turkistan.today
1982 жылы туған егіздер елеулі оқиғаларға үнемі атсалысып келеді. Олар бұған дейін де өткен барлық науқандарға жүйелі түрде қатысып жүргендерін айтып, өзге тұрғындарды да белсенді болуға шақырды.
Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданы бойынша 41 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Аталған орындарда қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде. Референдумға қатысып, таңдау жасау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.