Түркістан облысы: Су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау керек

Түркістан 28 тамыз, 2024

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері 58 адам суға кеткен

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері 58 адам, оның ішінде 31 жасөспірім бала суға кеткен. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында орын алған. Негізгі себептері - балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Шомылу маусымы басталғалы бері суға кету фактілерінің басым бөлігі облыс аумағынан өтетін Сырдария, Арыс өзендерінде, каналдар мен суқоймаларда орын алуда. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, су айдындарына жақын орналасқан аймақта тұратын халыққа 100 мыңнан астам түсіндіру жұмыстары жүргізілді»-деп баяндады басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.