Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 8 қазан, 2024

Басқарма басшысы «GET LOST WIZZ AIR» жобасына тоқталды

Түркістан облысына 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келген. Бұл жайында бүгін Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

-  Өңірге келетін туристер санын ұлғайту және туристерге қолайлы жағдай жасау үшін әлі де біршама жұмыстар жүргізілуі керек. Осыған орай биыл 26 тамызда облыс әкімінің төрағалығымен өңірдің туризмін дамыту бойынша мәжіліс өтіп, саланы өркендетуге арналған жол картасы бекітілді. Онда туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, аудан-қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарастырылған. Жол картасының нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен ішкі туристердің санын 25%-ға, ал шетелдік туристердің санын 2,5 есеге, сондай-ақ туризм саласындағы қызмет көлемін 30%-ға жеткізу күтілуде,- деді спикер.

Сондай-ақ, басқарма басшысы «GET LOST WIZZ AIR» жобасына тоқталды.  
-  Жоба 180 саяхаттаушы-блогердің жасырын қалаларды аралаумен өтеді. Жасырын қаланың аты ұшақ қонғанда ғана хабарланады. Бұл жоба басқа елдерде сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, «Wizz AIR» әуекомпаниясы Бішкекке саяхат жобасын жүзеге асырды. Қазіргі таңда «Wizz AIR» компаниясымен алдын ала кесіссөздер жүргізілді. Ұшу шығындарын әуе компаниясы толықтай өзі көтермек, - деді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар, спикер 2024 жылдың 8 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 43,6 млрд. теңгені құрағанын жеткізді. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 49,3 млрд. теңгеге жетпек. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.