Түркістан облысында 100 млн теңгеден астам жалақы қарызы өндірілген

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 9 қазан, 2024

Жыл басынан бері облыс көлемінде 1 039 азаматтың арыз-шағымдары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.

Түркістан облысында 2024 жылдың 9 айында облыс бойынша 5 кәсіпорында  402 жұмыскер алдында 204,1 млн.теңге жалақы қарызының орын алғаны анықталды. Жұмыс берушілерге орындалуы міндетті нұсқамалар беру арқылы 102,9 млн. теңгесі өндіріліп, 358 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған. Бұл туралы облыстың бас еңбек инспекторы Берік Ибадуллаев БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде баяндады,- деп хабарлайды turkistan.today

– Жыл басынан бері облыс көлемінде 1 039 азаматтың арыз-шағымдары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 151  тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 262  заң бұзушылық анықтадық. Анықталған заң тәртібіне бағынбаушылық негізінде 122 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 25,5 млн. теңге көлемінде 798 хаттама толтырылып айыппұл салынды, - деді Берік Серікбайұлы.

Одан бөлек, спикер  2024 жылдың 9 айында өңірде еңбек жанжалы орын алмағанын жеткізді. Әлеуметтік шиеленістің туындау тәуекелі бар 157 кәсіпорын анықталып, олармен еңбек заңнамасының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 
Айта кетейік, биыл жыл басынан өңірде 29 өндірістік жазатайым оқиға орын алған. Салдарынан 37 адам зардап шегіп, 6 адам қайтыс болған. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.