Түркістан облысында «Бала шешеннен-дана шешенге» атты республикалық байқау өтеді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 3 наурыз, 2025

Түркістан облысында «Бала шешеннен-дана шешенге» атты мектеп оқушылары арасындағы шешендік өнерді дәріптеу мақсатындағы республикалық байқау өтеді. Бұл туралы өткен брифингте «Қазыбек би» қоғамдық қорының төрағасы Пернетай Досыбеков мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Бұл бастама ел аумағында кең көлемде тұңғыш рет өткізілуде. Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жастар арасында шешендік өнердің танымалдылығын арттыру. Бұл іс-шара қазіргі таңда республикамыздың түрлі аймақтарында өткізілуде. Байқаудың шешуші кезеңіне еліміздің барлық өңірінен қатысушылар келеді. Ал ақтық сын алдағы сәуір айында қасиетті Түркістан қаласында өтпек. Айта кетейік байқаудың облыстық кезеңі Сайрам ауданында ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық оқушы қатысты»-деді спикер.

Сонымен қатар, баспасөз жиынында «Төле Би» және «Әйтеке Би» қоғамдық қорларының төрағалары өткізіліп жатқан іс-шаралардың ауқымы мен өткізілу тәртібі туралы баяндады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.