Түркістан облысында бастауыш сынып оқушылары бір реттік ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. Жалпы 2024 жылы өңірде 220 920 оқушы тегін тамақтануда. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today
«Жалпы Түркістан облысы бойынша қадағалауда 1 062 мектеп пен 21 интернат ұйымы бар. Оның 829-ы мектеп асханасымен қамтылса, 37-і буфетпен, 56-ы кейтеринг қызметімен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысына қарасты, Бесшоқы ауылындағы №8 мектебінің 460 оқушысы тамақтан уланған болатын. Осы жағдайға байланысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен қадағалаудағы барлық мектептің асханаларына бақылау-парағына сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қыркүйек айынан бастап өңірдегі барлық мектептің асханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді»,- деді департамент басшысы.
Спикердің сөзінше, мектеп асханаларына қойылатын негізгі талаптарға ас блогының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы міндеттеледі. Сонымен қатар, білім алушылардың ауыз су режимін ұйымдастыру мен азық-түлік өнімдерінің жарамдылығы да маңызды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.